Меню KDT

logo.png?_=1675744736


КГУ "Оскеньская ОШ"
  • kz
  • Все новости

    Семинар

    Бүгінгі таңда білімнің жаңа үлгісі заман талабына сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол -өзінің пәнін жетік меңгерген шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық жағдайды өзінің мәдениеті, іскерлігі,шеберлігі арқасында шеше алатын, оқу- тәрбие үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек.Осы орайда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша мұғалімдерге оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру мақсатында Лавровка орта / тірек мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес сәуірдің 18-і күні Өскен негізгі магниттік мектебінде "Критериалды бағалау арқылы оқушылардың оқу танымдық құзіреттілігін қалыптастыру " тақырыбында оқыту семинары өтті

         Семинардың мақсаты: "Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша курстан өткен  және өз іс - тәжірибелерін басқа мектептің мұғалімдерімен бөлісу,білім беру саласында жаңа ізденістермен технологияларға жол ашу болып табылады.
         Мектеп тренері семинардың басталуын жақсы психологиялық ахуал орнату мақсатында ұйымдастырылған тренингтен бастады.Түрлі әдістермен өткізілген тренинг қатысушыларымыздың көңіл күйін көтерді.
         Жаңа бағдарлама бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Өміржанова 8- сыныптаТахауи Ахтановтың "Күй аңызы" әңгімесі тақырыбында , орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Шаймуханова 2- сыныпта " История о маленьких гусеницах" тақырыбында,Әсем Қойманова 3-сыныпта математикадан "Қағаз ақша" тақырыбында , ағылшын тілінен Әсемгүл Аяшева 8- сыныпта "Food and Drinк" тақырыбында, математика пәнінің мұғалімі Асылайым Махметова 6-сыныпта "Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді  зерттеу" тақырыптарына тиімді әдістер таңдалып және топтық, жұптық , жеке жұмыстар жасалып,әр тақырып өмірмен байланыстырылып, кең ауқымды ашық сабақтар өткізілді.
        Өскен негізгі мектебінің оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі Махаббат Амержанова және мектеп оқушыларының қатысуымен Рухани Жаңғыру аясында "Елім деп соғар жүрегім" атты патриоттық тәрбие  мен тыңдаушыны рухтандыратын сыныптан тыс іс- шара ұйымдастырды
        Семинар жетекшісі Жанар Құсайынова және семинарға қатысқан мұғалімдер өз тәжірбиесімен бөліскен ұстаздардың сабақтарын, концерттік  бағдарлама  жөнінде өте жоғары  дәрежеде өткізілгендігі жайлы пікірлер айтылды. Семинардың өте жоғары  бағалануы мектеп ұжымын  тағы да әрі қарай жетістіктерге жетуге шабыттандырды.
        Өзімнің әріптестірімнің еңбектеріне жеміс тілей отырып,біліктіліктері артып,, шеберліктері шыңдала түссе екен деймін.Шебер ұстаздан талантты оқушы шықпауы мүмкін емес.Ал мұғалім еңбегінің жемісі-оқушы, оқушының жеңісі-ұстаздың  жемісі екенін білсек болғаны.
    10.05.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки