Біз Жеңістің - ұрпақтарымыз
9 - мамыр бүкілдүние бойынша ерекше мейрам болғандықтан, біздің мектебімізде "Біз жеңістің - ұрпақтарымыз" атты салтанатты түрде жиын өтті.Бұл жиынға ауылымыздың тұрғындары қатысып, мектеп оқушыларының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.Мектеп директоры және ауыл ақсақалдары мерекемен құттықтады. Ескерткіш жанына әдемі гүл шоқтары қойылды.
"Біз Жеңістің - ұрпақтарымыз" атты салтанатты жиында соғыс жайлы, бейбітшілік өмірдің қадір -қасиеті жайлы әндер бірінен кейін оқушылардың орындауында орындалып жатты. Соғыс жайлы және ерлік тақырыбындағы жазылған ақындарымыздың өлеңдерін бірінен соң бірі мәнерлеп айтып жатты. 6-сыныптың оқушылары Елубай Жансая мен Марат Гүлшат "Смуглянка" биін билеп көрермен көңілінен шықты. Жиналған қауым дүниеден өткен ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауыл қарттары соғыстағы ерліктерді, соғыстың қаншама зардап әкелгенін , Жеңіс күнінің не себептен тойланатынын оқушыларға түсіндірді.Жиын соңында барлық аруақтарға арналып аят оқылды
10.05.2019
0